Мұғалім күні!



Мұғалім күні!

2019 жылдың 4 қазанында сағат 7.30-да Қостанай жоғары медициналық колледжінде мерекелік көңіл-күй болды: көңілді музыка, түрлі-түсті шарлар, көңілді студенттер дәлізде қаз-қатар тұрып, тәтті кәмпиттермен және шапалақпен өздерінің сүйікті педагогтарын қарсы алды.

Осы күні колледжде дублер күні болды: соңғы курстың студенттері педагогтардың рөлінде болып, ал педагогтар өздерін қайтадан студенттер ретінде сезінді. Барлығы колледжде осы күні жаппай тәртіпсіздік болады деп күткен болатын, бірақ үшінші курс студенттері жалпы және клиникалық сабақтарды лайықты өткізіп шықты. Статистикаға сәйкес осы күні 39 педагог-дублер 45-тен аса сабақ өткізді.

Педагогикалық кеңестің «Ынтымақтастық - педагогтар мен студенттердің өзара табысты және конструктивті қызмет жасаудың басты шарты ретінде» тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, дублер күні барысында бөлім меңгерушілері колледждің студенттері мен педагогтары арасында сауалнаманың бірнеше түрін өткізген болатын. Сауалнаманың нәтижесі: барлық оқытушыларға өздерінің мамандықтары ұнайды; біздің студенттермен келіспеушіліктер болмайды. Көбінесе студенттер педагогтарға сабақтан тыс уақытта жүгінеді. Студенттердің жауабына сәйкес оларға дублер күні ұнаған.

Көптеген студенттер дублер күні идеясын жыл сайын өткізуге ұсыныс білдірді.

Осы күні директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының дублері болған Ватрас Анна қорытынды жасады: педагог пен студент үшін ең бастысы - бір-бірімен жұмыс істеуге қабілетті, дайындықты және іскерлікті тәрбиелеу. Дублер күні - осыған дәлел болады деп сенемін.

Дублер күні студенттер жылулықпен және сүйіспеншілікпен дайындаған мерекелік концертпен аяқталды!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ