«Мейіргер ісі» мамандығының презентациясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Мейіргер ісі» мамандығының презентациясы
23 қазанда мамандықты насихаттау мақсатында «Мейіргер ісі» мамандығының бірінші курс студенттері үшін бөлім презентациясы өтті.
Қонақ ретінде Қостанай қ. «№1 Емханасы» КМК-да қазіргі уақытта жұмыс істейтін колледж түлегі Подпорина Н.В. шақырылды. Наталья Владимировна өзінің студенттік өмірін еске алып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар өз тілектерін бөлім меңгерушісі А.А.Барабан, Л.Е.Исмаилова және 105 МІҚБ тобының кураторы Лапатиева К.Ю. білдірді.
Презентация шығармашылық нөмірлерге толы болды - 3 курс орындауында таңдаған мамандықтары туралы ән шырқалды, екінші курс студенттері студенттің қызықты өмірі жайында бейнебаян көрсетті, ал бірінші курс студенттері алғаш рет өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән салды.
Іс-шараның соңында бірінші курс студенттері болашақ мамандықтарына адал болуға ант берді.