Мемлекеттік тілде оқытылатын «Мейіргер ісі» мамандығының презентациясы



Мемлекеттік тілде оқытылатын «Мейіргер ісі»
мамандығының презентациясы

Жыл сайын Қостанай жоғары медициналық колледжінде қазан айында бөлімдердің презентациясы өтеді. 22 қазанда дәстүрлі эстафетаны мемлекеттік тілде оқытылатын «Мейіргер ісі» бөлімінің студенттері бастады.

Бұл мереке бірінші курс студенттері мен оқытушылар үшін өте көңілді өтті. Арнайы безендірілген залда барлық үш курстың студенттері өздерінің таланттарын көрсетіп, ән салып, би билеп, әзілдер айтты. Сахнаға алғаш рет шығып, өз өнерлерін көрсеткен бірінші курс студенттері қатты қобалжыды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ