Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығы



Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығы

90 жыл аз немесе көп? Небәрі 140 жыл толған қала үшін бұл мерзім оқу орны үшін өте маңызды. Біз бұл мерекені ұзақ және қобалжумен күттік. Бір жыл бойы дайындалып, осы мерейтойға орайластырған көптеген іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде акушерлердің халықаралық конкурсы, олимпиадалар, ғылыми конференциялар және тағы басқалар болды. Міне 15 қараша күні осы күнге жетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Ресей елінен қонақтар мен серіктестер жиналып, біздің қуанышымызды бөлісті.

Осы күні медколледждердің медициналық ұйымдармен өзара қызмет жасау сұрақтары бойынша пленарлық отырыс өтті. Пленарлық отырыс жұмысына ҚРДМ ҒАРД директоры Сыдыкова С., Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Бексултанова А., Қостанай қаласының медициналық ұйымдарының атынан Облыстық аурухананың бас дәрігері Ю.Моисеев және Облыстық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының бас дәрігері Штейгервальд И., сонымен қатар Қостанай қаласының №4 емханасының бас дәрігері М.Бисенова қатысты . Пленарлық отырыста денсаулық сақтау жүйесін реформалау аясында орта медициналық қызметкерлерді дайындау, мейірбике беделін көтеру өзектілігі және студенттерді дайындау сапасы сұрақтары қарастырылды.

Сонымен қатар ҒАРД директоры С.Сыдыкованың басшылығымен «Медицина және фармацевтика» ОӘБ республикалық отырысы өткізілді. ҚР медициналық колледждерінің өкілдері мен директорлары жаңа білім беру стандартын талқылады. Тағы бір маңызды оқиға- осы күні ҚЖМК мен Челябі медициналық колледждері арасында серіктестік келісім шарты жасалынды.

Мерекелік күн салтанатты жиналыспен және концертпен аяқталды. Концерт барысында колледж ардагерлерін құшақ жая қарсы алып, колледж оқытушылары төсбелгілерімен, білім және денсаулық сақтау грамоталарымен марапатталды.


СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
пленарного заседания с международным участием
«Система взаимодействия с социальными партнерами как фактор
развития образовательного пространства»








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ