Серіктестік және толеранттылық идеяларын ұстануды нығайту мақсатында бірінші курс студенттеріне арналған ақпараттық сағат
Басты -> Жаңалықтар -> Серіктестік және толеранттылық идеяларын ұстануды нығайту мақсатында бірінші курс студенттеріне арналған ақпараттық сағат
2019 жылдың 8 қарашасында ҚЖМК мәжіліс залында Халықаралық толеранттылық күні қарсаңында серіктестік және толеранттылық идеяларын ұстануды нығайту, әртүрлі көзқарасқа құрметпен қарауды кеңейту, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында бірінші курс студенттеріне арналған ақпараттық сағат өтті.
Іс-шара «Если каждый друг к другу будет терпим, то вместе мы сделаем толерантным наш мир» ұранымен өтті. Кітапханашы қатысушыларға 16 қарашада көптеген елдердің тұрғындары Халықаралық толеранттылық күнін атап өтетіндігі жайында айтып кетті. Бұл мереке 1995 жылы ЮНЕСКО мүшелері - мемлекеттердің шыдамдылық принциптері Декларациясын қабылдау нәтижесінде пайда болған. Жүргізуші толеранттылық түсінігіне анықтама берді.
Іс-шараға «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Эргашвой Эрматович Холметов және «Эребуни» этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Сергей Вагинакович Григорян қатысты. Олар өздерінің бірлестіктерінің жұмыстары жөнінде, өздерінің ұлт өкілдерінің Қазақстанға келу тарихы туралы әңгімелеп берді және қазіргі жастарды шыдамды, мейірімді және бақытты болуға шақырды. Іс-шара жастарды бейбітшілікте өмір сүруге және проблемаларды бірлесіп шешуге жұмылдырды. Осындай мерекелер әртүрлі ұлттармен бірлесіп, олардың салт-дәтүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік береді.
Студенттер қонақтарға сұрақтарын қойып, мейірімділік туралы өлеңдер оқыды. «Толеранттылық» туралы видеоролик студенттерде интернационализм, өзара түсінушілікті, коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Ақпараттық сағаттың соңында студенттер «Толерантность – это дружба» кітап-журнал көрмесімен танысты.