Білім беру үрдісінде белсенді және интерактивті формадағы сабақтарды өткізу барысында пайдаланылатын оқу - әдістемелік материалдар бүкілресейлік конкурсының қорытындысы



Білім беру үрдісінде белсенді және интерактивті формадағы сабақтарды
өткізу барысында пайдаланылатын оқу - әдістемелік материалдар
бүкілресейлік конкурсының қорытындысы

2019 жылдың 7-31 қазан аралығында ОмММУ Колледжінде білім беру үрдісінде белсенді және интерактивті формадағы сабақтарды өткізу барысында пайдаланылатын оқу-әдістемелік материалдар бүкілресейлік конкурсы өтті. Конкурсқа барлығы Ресей мен Қазақстан Республикасының 23 қаласынан 135 жұмыс қабылданған. Біздің колледждің атынан оқытушылар Каратаева М.М., Шулейко С.В., Тихонова Т.А., Надворная Ю.Ю., Ларькова А.О. қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша әділ қазылар М.М.Каратаеваның теориялық сабағының әдістемелік әзірлемесін 1 дәрежелі дипломмен, С.В.Шулейконың, Т.А.Тихонованың практикалық сабақтарын - 2 дәрежелі дипломмен, А.О.Ларькованың, Ю.Ю.Надворнаяның практикалық сабақтарын- қатысушылар сертификаттарымен марапаттады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ