«Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 және 3 курс студенттерінің облыстық аурухананың перзентхана бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесуі



«Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 және 3 курс студенттерінің облыстық
аурухананың перзентхана бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесуі

2019 жылдың 26 желтоқсанында «Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 және 3 курс студенттері облыстық аурухананың перзентхана бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесуі өтті. Бұндай кездесулер облыс пен қаламыздың медициналық ұйымдары арасындағы ынтымақтастық аясында дәстүрге айналған. Кездесу барысында бас акушер Чадова Ирина Владимировна қажетті және маңызды мамандық жайында әңгімелеп берді. 1 курс студенттері үшін перинаталдық орталық бойынша экскурсия жүргізілді. Босану залдары, «Ана мен бала» палаталары, заманауи жабдықтар көрсетілді. Қыздарда қысқы саябақ қатты әсер қалдырды. 

Аталған мекемеде өндірістік практикадан өтіп жатқан 3 курс студенттері 1 курс студенттеріне акушер мамандығындағы алғашқы қадамдары туралы сезімдерімен бөлісті. Көбісі осы жерде акушер болып жұмыс істеуге ниетті. «Өте жақсы ұжым. Бізге барлығын үйретуде. Өзіме менің болашақ мамандығым ұнайды» - деп 302 топтың студенті Ксения Братыгина бөлісті. 

1 курс студенттері аурухананың қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтап, өздерінің қолдарымен жасаған ашық хаттарды сыйлады.  

Кездесуге практикалық оқыту меңгерушісі Романюк И.Е., бөлім меңгерушісі Бузина С.П., оқытушылар Заболотникова Н.С.. Мекибаева Т.Б., Глушко Л.В. қатысты.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ