Колледж түлектерінің Ұзынкөл ауданының әкімімен, бас дәрігерімен және "Ершовское-2" ЖШС-нің басшысымен кездесулері



Колледж түлектерінің Ұзынкөл ауданының әкімімен, бас дәрігерімен және
"Ершовское-2" ЖШС-нің басшысымен кездесулері

31.01.2020 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының түлектері Ұзынкөл аударының әкімі Т.С.Даировпен, Ұзынкөл АОА-ның бас дәрігері А.С.Бахытжановпен және "Ершовское-2" ЖШС-нің басшысы С.С.Агайдаровпен кездесті. 

Аудан әкімі Даиров Т. С. медициналық қызметкер мамандығы жайында үлкен құрметпен сөз сөйлеп, аудан жайында және түлектерге ұсынылатын жеңілдіктер туралы ақпарат ұсынды. 

Бас дәрігер Бахытжанов А.С. Ұзынкөл АОА даму перспективаларымен бөлісіп, ұжым туралы, жалақы жайында айтып кетті. 

"Ершовское-2" ЖШС-нің басшысы Агайдаров С. С. түлектерді тұрғын үй мен әлеуметтік көмек ұсынылатын Ершовка ауылына жұмысқа шақырды. 

Студенттер ақпаратты жақсы қабылдап, болашақтағы жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтарын белсенді қойып отырды. 

Қостанай жоғары медициналық колледжі директорының м.а. Оспанова А.К. түлектерге өздерінің практикалық қызметтерін ауылдық денсаулық сақтаудан бастауға кеңес берді. Сонымен қатар, Айгерим Каировна студенттерге облыстың мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуге белсенді қатысуға шақырды. 

Кездесудің соңында аудан әкімі Даиров Т. С. кәсіби қызметте қажетті жауапкершілік, адалдық, кәсібилік сияқты қасиеттерді меңгеріп, қорытынды аттестаттаудан жақсы өтіп, дипломдарын алуға тілек білдірді.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ