"В пламени Афганистана"



"В пламени Афганистана"

2020 жылдың 14 ақпанында ҚЖМК оқырман залында кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығаруының 31 жылдығына арналған "В пламени Афганистана" атты тарихи сабақ өтті. 15 ақпан қаза болған интернационалист-жауынгерлерді еске алу Күні болғандықтан, студенттерге ауған соғысының тарихы ұсынылды.  

"Афганистан: наша память и боль" презентациясымен бірге кітапханашы ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы оқиғаларға тоқталып, Ауғаныстандағы соғыс жайында әңгімеледі. Сабақ барысында әрбір сарбазды құтқарып қалу үшін әртүрлі қиындықтағы операциялар жасаған медициналық қызметкерлге көңіл бөлінді. Сол кездегі медициналық училищенің түлектері жайында ақпарат ұсынылды. "Афганистан. Военным медикам" видеоролигі көрсетілді. Іс-шара "Выполняя интернациональный долг" кітап көрмесімен аяқталды. 

Іс-шараның соңында студенттер сұрақтар қойып, кітап-журнал көрмесінің материалдарымен танысты.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ