«Коронавирустың алдын алу»
Басты -> Жаңалықтар -> «Коронавирустың алдын алу»
Медициналық қоғамның күн тәртібінде 2019-nCoV Коронавирус сұрағы әлі де ашық қалуда. Осыған байланысты 1-3 курс студенттері арасында үнемі тақырыптық ақпараттық сағаттар өткізілуде. Медик-студенттер талқылауларға белсенді қатысып, келесі алдын алу шаралары бойынша жақсы білімдерін көрсетуде:
- жеке гигиенаны сақтау, қолдарды сабынмен мұқият жуу;
- пайдалы мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру (толыққанды тамақтану, дене белсенділігі және т.б.)
- қоғамдық жерлерде медициналық масканы пайдалану;
- бөлмелерді үнемі желдету және зарарсыздандыру құралдарымен ылғалды жинастыру.