«Мы одно целое» әлеуметтік жобасы
Басты -> Жаңалықтар -> «Мы одно целое» әлеуметтік жобасы
Ұзақ үзілістен кейін, бір-біріне жақын болып кеткен Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қалалық демалыс орталығының мүшелері арасындағы көптен күткен кездесу өтті.
Кездеспеген мәжбүрлі үш ай барысында жиналып қалған жаңалықтармен, әсерлермен бөлісуді асыға күттік.
Біздің кездесуіміз медицина қызметкерлері күні қарсаңында өтті және біз болашақ мамандығымыз туралы, карантин кезеңінде медицина қызметкерлерінің қалай аянбай еңбек ететіндігі туралы қуана әңгімелестік. Біз covid-19 кезінде сақтық шаралары туралы сөйлесіп, достарымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтауға шақыра отырып, қолдарды қалай дұрыс жуу керектігін көрсеттік (en-1500 еуропалық стандарты бойынша)!
«Мы одно целое» әлеуметтік жобасы өзінің аясын кеңейтуде, Тобыл қаласынан «Карамельки» хореографиялық ансамблінің жас бишілері мерекемізді көркейтіп, көңілді билерін ұсынды, әдеттегідей көңілді ойындар, конкурстар өткізіп, жұмбақтар жасырдық.
Бізбен бірге кәсіби фотограф Виталий Зновин болып, біздің мерекемізді тегін суретке түсірді! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіріп: «Жарайсыңдар!!!» дегіміз келеді.
Келесі кездескенше!
Жанна Богатырева және Ветчинина Анжелика