Мемлекеттік рәміздер күні



Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздерді бекітудің өз тарихы бар. Президент Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Ал 6 маусым күні Абай атындағы Алма-ата опера және балет театрының ғимаратында Республиканың мемлекеттік рәміздерін таныстыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Осы күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ғимаратының үстінде мемлекеттік ту көтеріліп, Елтаңба орнатылды. Алты айдан кейін, 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Парламенті палаталармен бірлескен отырыста «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қаулыға өзгерістер енгізді. Еліміздің жаңа әнұраны танымал «Менің Қазақстаным» - «Мой Казахстан» әні атанды.

«Менің Қазақстаным» - «Мой Қазақстан» осындай ұранмен Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жұмысты брініші қабаттан бастап көруге болады. Бұл студенттерге арналған ақпараттық стендтер. Екінші қабатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер стенді орналасқан. Оқу жылы Мемлекеттік Туды алып шығатын салтанатты жиыннан басталады. Колледж кітапханасында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.

Топ кураторларының тәрбиелік жоспарында колледждің жалпы тәрбиелік жоспарына сәйкес мемлекеттік рәміздерге арналған кураторлық сағаттар мен іс-шаралар өткізіледі. Гуманитарлық цикл оқытушылары оқу сабағы аясында мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша ақпараттық минуттар өткізеді.

Жұмыс нәтижесі – бұл халықаралық және республикалық конкурстар мен жарыстарға қатысып, гран-при мен жүлделі орындарға ие болып, елімізді танытқан студенттеріміз. Бұл біздің еліміздің игілігі үшін, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы үшін жұмыс істейтін түлектеріміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ