2020 жылғы Қазақстанның медициналық колледждері түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалау



2020 жылғы Қазақстанның медициналық колледждері түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалау

2020 жылғы Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен бекітілген медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Медициналық колледждердің білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау бүкіл Қазақстан бойынша «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ (ҰТЕО) құрастырған арнайы ақпараттық жүйеде өткізілді. Жүйе объективтілік және ашықтық принциптері бойынша әзірленген, ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау екі кезеңнен тұрды:1) білімдерін бағалау (компьютерлік тестілеу); 2) дағдыларын бағалау

87 медициналық колледждердің арасында (24 мемлекеттік колледж, 63 жеке) білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауға барлығы 20948 бітіретін студенттер қатысты. Білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі бойынша Қостанай жоғары медициналық колледжінің түлектері екінші орынға ие болды. 2 кезеңнің қорытындысы бойынша орташа балл 88,0 болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ