Фармация мамандығы бойынша халықаралық қатысумен аймақаралық қашықтық олимпиадасы



Фармация мамандығы бойынша халықаралық
қатысумен аймақаралық қашықтық олимпиадасы

2020 жылдың 22 желтоқсанында «В.Солдатов атындағы Тобол медициналық колледжі» Тюмень облысының МАББМ базасында «Фармация» мамандығы бойынша халықаралық қатысумен аймақаралық қашықтық олимпиадасы өтізілді. Олимпиадаға 301 «Фармация» мамандығының 8 студенті қатысты: Жаукова Снежана, Чернецкая Галина, Отто Мария, Каспаева Дарина, Романюк Анна, Макенова Асемгуль, Губайдуллина Альбина, Шагабутдинова Рената. Өткізіліп отырған Олимпиаданың мақсаты: «Фармация» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын жүзеге асыру аясында білім алушылардың білім деңгейін арттыру. Олимпиада тестілеу түрінде өтті, студенттерге арнайы және жалпы кәсіптік пәндер бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде әртүрлі ерекше сұрақтар ұсынылды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шагабутдинова Рената жүлдегер атанып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар ұсынылды, оқытушылар С.В.Шулейко, Т.А.Тихонова, Е.Ю.Шестакова Олимпиада қатысушыларын дайындағандары үшін алғыс хатпен марапатталды. Шагабутдинова Ренатаны құттықтаймыз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ