"Бір ел –бір кітап" акциясы

Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханасы "Бір ел –бір кітап" акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс – шара өткізді, оған «Мейіргер ісі» бөлімінің 10 топ студенттері қатысты.  Кітапхана қонаққа қызықты адамдарды, соның ішінде Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайдың қызметкерін шақырған, ол қостанайлықтарға мұражайда сақтаулы бірегей кітаптар туралы және балалар жазушысы, белгілі Суслова Александр Ильинична туралы әңгімелеп берді. Александра Ильинична құралай туралы ертегісін және өлеңін оқып берді.

Біздің студенттер кітапханамен таныс болмағандықтан, кітапхана бойынша арнайы экскурсия жасады. Енді біз кітапханаға не себепті ұлы орыс жазушы Лев Николаевич Толстойдың атын берілгенін білеміз, сонымен қатар бізге кітапхана ішіндегі мұражайды, онда жалғыз данада сақталған кітаптармен таныстырды. Кітапхананың басқа бөлімдерімен де таныстырды.

Барлығыңызға кітапханаға барып, бізбен бірге оқитын курстасымыз Ергали Таскалиев сияқты тарихи кітаптармен танысып, ұстап көруге кеңес береміз. Іс-шара туралы біздің әсерлеріміз.

«Мен бүгін ең бірінші рет қаламыздағы Л.Толстой атындағы үлкен кітапханаға бардым. Ол жерден алған әсерім өте керемет. Кітапхананың  қонақ жайлылығы өте керемет. Өткен іс шарада Ы.Алтынсарин туралы көп мәлімет алдым. Бүгінгі алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес». Касымбекова Саягуль,  10 МІ топ студенті

«Ыбырай Алтынсарин мұражайының маманы Ыбырайдың 180 жылдығы туралы, өмір баяны, қазақ әдебиетіндегі шығармасы, ашқан мектептері туралы баяндап берді. Ұстаз, балаларға арнап кітаптар жазатын жазушы келді. Сөйлеген сөздері мен үшін өте әсерлі болды.Өзінің балалық шағы, анасы, кітапқа деген ерекше махаббатын сөзбен айтып жеткізді. Шығармашылыққа келген жолдарын айтты.Сонымен қатар өзі шығарған бірнеше өлен шумақтарын оқып берді.

Кітапхананың тарихымен, не себептен Л.Толстойдың аты берілгені туралы көп мәліметтермен таныстым. Кітапхана ішіндегі музейге апарды. Ол музейде ежелден келе жатқан кітаптар сақталған. Бізге екі ғасыр бұрын шыққан кітаптарды көрсетті.Олар тым ерекше, шығармашылыққа толы. Кітапхананың ішімен толықтай таныстырып шықты. Кітапханада өз білімдерін жетілдіріп жатқан студенттер бар. Алдағы уақытта менде олардың қатарына қосыламын деген ойдамын».Акижанова Меруерт, 10 МІ топ студенті

«Менің бүгінгі күнім көптеген эмоцияға толы болды және бүгін мен көптеген ақпараттар алдым. Эмоцияға толы болды дегенім ол Александра Ильинична  өзі жазған өлең шумақтары менің ішкі жан дүниеме кірді.

Қорытындылай келсем бүгінгі күн менің есімді қалады. Библиотекаға барып өзіме керекті ақпаратты алдым және оған қуаныштымын». Толегенова Нәзгүл, 10 МІ топ студенті









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ