«Үздік ауыл медициналық бикесі 2021» Облыстық кәсіби шеберлік конкурсы


   Конкурсты өткізу және ұйымдастыру Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіптік одағының Қостанай облыстық филиалының қолдауымен және Қостанай жоғары медициналық колледжінің тікелей қатысуымен мүмкін болды. 

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын  және Халықаралық медициналық бике күнін мерекелеуге арналған конкурсқа облысымыздың 10 ауданынан 15 мейірбикелер қатысты.  Кәсіби шеберлік конкурсы алғаш рет облысымыздың медициналық ұйымдарының ауылдық мейірбикелері арасында өткізілді, сондықтан конкурстың негізгі міндеті - ауыл медициналық бикесінің мәртебесін көтеру болды. Қатысушылар екі кезеңнен өту керек болды. Бірінші кезең «Тестілеу», қатысушылар жалпы практика мейірбикесі біліктілігіне сәйкес 50 сұраққа жауап беру керек; Екінші кезең екі бөлімнен тұрды:

Бірінші бөлім – «Мейірбикенің жұмысындағы коммуникативтік дағдылар»;

Екінші бөлім – «WorldSkills форматында практикалық дағдыларды көрсету».


 1 орынға - «Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК-нан Кинжебаева Асель ие болды

 2 орын – «Федоров аудандық ауруханасы» КМК-нан Колычева Светлана 

 3 орын – «Сарыкөл аудандық ауруханасы» КМК-нан Жаканова Эльвира


  Барлық қатысушылар Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен және дипломдарымен, сондай-ақ Қостанай облысы филиалының "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесінің салалық кәсіптік одағының ақшалай сертификаттарымен марапатталды.













«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ