Құрметті талапкерлер!

Құрметті талапкерлер!

Тұлғалардың медициналық мамандықтар бойынша білім беру ұйымына оқуға өтініштерін қабылдау мерзімдері өзгерді - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында.

(«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің №578 бұйрығы)

 

Естеріңізге сала кетейік, медициналық мамандықтарға оқуға түсетін тұлғалар конкурсқа психометриялық тестілеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша жіберіледі.

Медициналық мамандықтарға оқуға түсетін тұлғалар үшінпсихометриялық тестілеу күнтізбелік жылдың 18 тамызынан негізгі орта білім базасында оқуға түсетіндер үшін (9 сынып базасы), күнтізбелік жылдың 21 тамыз аралығында жалпы орта білім базасында оқуға түсетіндер үшін (11 сынып базасы)   өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін эссе жазу түрінде (мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриаты), оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып арнайы емтихан белгіленеді.

Конкурсты өткізу тәртібі

Конкурс медициналық мамандыққа түсетін талапкерлердің орташа бағалары (балдары) мен білім туралы құжатының бейінді пәндеріне және ТжКОБ ұйымы өткізген психометриялық тестілеудің нәтижесіне сәйкес, сонымен қатар қабылдау квотасын ескере отырып, Білім беру басқармасының автоматтандырылған жүйесі арқылы өткізіледі.

Конкурс негізгі орта білім базасында (9 сынып базасы) мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін күнтізбелік жылдың 19 тамызынан 22 тамызы аралығында, жалпы орта білім базасында (11 сынып базасы), ТжКОБ базасы үшін – күнтізбелік жылдың 22 тамызынан 25 тамызы аралығында, ақылы түрдегі талапкерлер үшін – күнтізбелік жылдың 26 тамызынан 28 тамызы аралығында өткізіледі.

 

Білім басқармасы оқуға түсетін тұлғалар арасында конкурс қорытындыларын негізгі орта білім беру базасында (9 – сынып базасы), күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында (11-сынып базасы) - күнтізбелік жылдың 25 тамызында ресми интернет-ресурстарда жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурс қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.

Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде ТжКОБ ұйымы басшысының бұйрығымен күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейінжүргізіледі;

Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпарат орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін күндізгі оқу нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылдау комиссиясы ақпараттық стендтерде немесе ТжКОБ ұйымының интернет-ресурстарында орналастыру арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.







«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ