Педагогикалық шеберлік: теория және практика

2021 жылдың 26 қарашасында Рудный политехникалық колледждің 65 жылдығына арналған халықаралық қатысумен «Педагогикалық шеберлік: теория және практика» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Онлайн конференцияға біздің колледждің педагогтары қатысты: арнайы пәндердің оқытушысы Бузина С.П. және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Кульмухамбетова Г.Б. Светлана Петровна «Заманауи маманның кәсіби қалыптасуындағы тәрбие жұмысының рөлі» №3секциясына «Арнайы пәндерді оқу үрдісінде әлеуметтік-жеке құзыреттіліктерді қалыптастыру» баяндамасымен қатысты. Гульнара Барлыковна «Білім беру үрдісіндегі инновациялар: педагогикалық тәжірибенің мекенжайлары» №2 секциясына «Заманауи технологияларды сабақта және сабақтан тыс пайдалану – оқыту нәтижесін арттыру кепілі» баяндамасымен қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша Бузина С.П. 3 орынға ие болды, ал Кульмухамбетова Г.Б. қатысушы сертификатына ие болды. Қатысқандарыңыз үшін рахмет! Құттықтаймыз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ