СҒЗЖ секциясы жетекшілерінің №2 отырысы

2021 жылдың 25 қарашасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы секциясы жетекшілерінің кезекті отырысы өтті. СҒЗЖ секциясы жетекшілерінің отырысының жұмысына қатысты: Итесова Л.М., «Лабораториялық және фармацевтикалық пәндер» жетекшісі; Кульмухамбетова Г.Б., «Жалпы білім беру пәндер» жетекшісі; «Жалпы кәсіптік пәндер» - Кубетаев А.С.; «Мейіргер ісі» - Куприна В.К.; «Емдеу ісі» - Шаповалов Б.В. Отырыста дайындық кезеңі мен жоспарлау кезеңі (тақырып пен мақсаттарды таңдау, гипотезаны ұсыну, ақпарат көздерін анықтау, ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін жоспарлау, қорытынды өнімді жоспарлау, жұмыс процесін, нәтижелерді бағалау рәсімдері мен өлшемшарттарын белгілеу) бойынша жұмыс қорытындылары шығарылды. Екінші сұрақ зерттеу қызметінің жұмысын жоспарлау болды (зерттеу қалай жүргізілуде, аралық міндеттер қалай орындалуда). Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін ұйымдастыруға және үйлестіруге көңіл бөлінді.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ