АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

2022 жылдың 25 наурызында Қостанай жоғары медициналық колледжінде кәсіптік бағдар жұмысының аясында Қостанай облысының және Қостанай қаласының мектеп оқушыларына арналған АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізілді. 
Іс-шара мектеп түлектерінің медициналық бейіндегі белгілі бір мамандықты саналы және сенімді таңдауы мақсатында өткізілді. Ашық есік күніне 200-ден астам оқушы келді. 
Оқушылардың назарына клиникаға дейінгі практикаға арналған заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар, компьютерлік сынып, кітапхана, жаңа жатақхана және оқу залы ұсынылды. Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.












«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ