Бірінші курс студенттерінің көзімен зерттеу қызметі

2022 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күніне орай бірінші курс студенттері үшін кіші конференция түрінде «Бірінші курс студенттерінің көзімен зерттеу қызметі» атты іс – шара өткізілді, онда бірінші курс студенттері өздерінің шағын зерттеулерін ұсынды. 
Аталған іс-шараның мақсаты бірінші курс студенттерінің ғылыми зерттеу материалдарын іріктеу және жүйелеу бойынша шығармашылық потенциалын анықтау, анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істей білу; көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу; өзінің даму болашағын көре білу болып табылады. 
Үздік зерттеу жұмыстары колледж грамотасымен аталып өтті.












«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ