«Қостанай облысының үздік акушері-2023»


Халықаралық Акушер күніне арналған «Қостанай облысының үздік акушері-2023» облыстық кәсіби байқауы

2023 жылғы 25 сәуірде «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК базасында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесінің салалық кәсіптік одағының - Қостанай облысының филиалының қатысуымен «Қостанай облысының үздік акушері – 2023» облыстық кәсіби конкурсы өтті. Құттықтау сөзімен «Senim» Денсаулық сақтау жүйесінің салалық кәсіптік одағының  Қостанай облысының филиалының төрайымы Булгацевич Т.Б.; «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК бас мейірбикесі, Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының мейіргер ісі жөніндегі штаттан тыс бас маманы, Қостанай қ. құрметті азаматы Говорушкина Е.В.; «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК директорының м.а. Низтаева Э.Н. сөз сөйледі.
Байқаудың мақсаты – еңбек нарығында акушер кәсібін сұранысқа ие ретінде насихаттау. 
Байқаудың міндеттері:
- акушердің беделін арттыру;
- шығармашылық бастаманы және жаңашылдықты дамыту, акушерлердің әлеуетті мүмкіндіктерін, олардың білімін, дағдыларын, халықтың денсаулығын қорғау үшін гуманизмді барынша пайдалану;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- жұмыс орындарында жағдайды қалыптастары, ұжымдық мәдениетті дамыту;
- кәсіби құзыреттіліктерді және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру;
- әдеттен тыс тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыру.
Байқаудың сарапшы комиссиясы:
Абдиева Роза Калижановна, Қостанай қ.«№1 Емханасы» КМК бас мейірбикесі, қазылар төрайымы;
Ванзидлер Татьяна Валериевна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК педагог-психологы;
Джусупова Биназир Нурлановна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы;
Исказин Айбатыр Оралович, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы;
Кибраева Камшат Нурлановна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы;
Алтаева Венера Аскаровна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы;
Куприна Валерия Константиновна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы;
Надворная Юлия Юрьевна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы;
Сейтенова Акмарал Канатовна, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндердің оқытушысы. 
Қатысушылар төрт станциядан өтті: «Акушердің жұмысындағы коммуникативтік дағдылар», «Преэклампсия, эклампсия», «Жаңа туған нәрестеге жүрек-өкпе реанимация», «Босанудан кейінгі бөлімдегі қан кету». Бағалау әр станция бойынша әзірленген чек-парақтарға сәйкес жүргізілді. Төрт станция бойынша ең көп балл саны-52 б.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша орындар мен номинациялар конкурсанттарға берілді:

ТАӘ

Ұйымның атауы

Нәтижесі

1

Зарыкпаева Милла Бауржановна

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай аудандық ауруханасы» КМК

3 орын

2

Федченко Эльмира Нурдайфовна

 «Әулиекөл аудандық ауруханасы» КМК

1 орын

3

Кригер Яна Игоревна

 «Федоров аудандық ауруханасы» КМК

2 место

4

Досов Бимбет Хамзаевич

 «Рудный қалалық көпсалалы ауруханасы» КМК

 «Прорыв года» номинациясы

5

Жабулова Зарема Айдарбековна

«Қостанай облыстық ауруханасы» КМК

«Милосердие» номинациясы

6

Калиева Камшат Тулешевна

«Қостанай облыстық ауруханасы» КМК

 «Мастерство» номинациясы

7

Середенкова Карина Сергеевна

«Қостанай облыстық ауруханасы» КМК

 «Безопасность в акушерском деле» номинациясы

8

Баймухамбетова Гульжан Куантаевна

«Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК

«Креативность» номинациясы









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ