Студенттік ғылыми қоғам


Студенттік ғылыми қоғам 

Студенттердің шығармашылық бастамаларын жүзеге асыру үшін Қостанай медициналық колледжінде 2010 жылы СҒҚ – студенттердің ғылыми қоғамы құрылды. Онда студенттер өз білімдерін жетілдіреді, ой-өрістерін дамытып, колледж оқытушыларының және СҒҚ Кеңесінің басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларына ие бола алады.








Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90- жылдығына және Қазақстан халқының бірлік күніне арналған «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарастары-2019» студенттік ғылыми-зерттеу конференциясы

Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90-жылдығының қарсаңында және ҚР халқының бірлік күніне орай 2019 жылдың 30 сәуірінде «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарастары-2019» студенттік ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

 

Республикалық қашықтық «Дәріханалық сұрыптаманың дәрілік заттарын және тауарларын сату» ғылыми-практикалық конференция

26.12.2018 ж. Көкшетау жоғары медициналық колледжінің базасында «Фармация» мамандығы бойынша ҚР-ның медициналық колледждері арасындағы ОӘБ жоспарына сәйкес Республикалық қашықтық «Дәріханалық сұрыптаманың дәрілік заттарын және тауарларын сату» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Мейіргер ісі бойынша «Креативті студент – болашақ маман» Республикалық жобалар онлайн фестиваліне қатысу

06.12.2018 ж. Батыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында «Креативті студент-болашақ маман» жобалар Республикалық онлайн фестивалі өткізілді.

Фестивальге Қазақстан Республикасының «Мейіргер ісі» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты.

 

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Республикалық қашықтық интернет-конкурсы

ҚР-ның БҒМ қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың 17 қыркүйегінен 22 қарашасына дейін жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Республикалық қашықтық интернет-конкурсын өткізген болатын.

 

«Вклад молодежного потенциала в модернизацию Казахстана 3.0» халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясына қатысу РИИ

2018 жылдың 22 қарашасында Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері Кондрина Н. /жет. Каратаева М.М./, Туракбаева А. /жет. Азтаева А.Т./, Байтемирова А. /жет. Кульмухамбетова Г.Б./ Рудный индустриалдық институт базасында «Вклад молодежного потенциала в модернизацию Казахстана 3.0» халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы - 2018» ғылыми-зерттеу конференциясы

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы - 2018» ғылыми-зерттеу конференциясы
 

ЧелМУ Қостанай филиалының халықаралық қатысуымен «Актуальные проблемы современного гуманитарного знания» студенттер мен жас ғалымдардың VIII ғылыми-практикалық конференциясына қатысу

2018 жылдың 13 сәуірінде Қостанай медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының студенттері Вергейчик Н., Лашаева С., Манастырская В. /1 курс/, Ахметова С. /2 курс/ халықаралық қатысумен «Актуальные проблемы современного гуманитарного знания» студенттер мен жас ғалымдардың VIII ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
 

«Өскелең ұрпақтың интеллектуалды потенциалы – Қазақстанның табысты индустриалдық-инновациялық дамуының кепілі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

2018 жылдың 10 сәуірінде Қостанай медициналық колледжінің студенттері А.Кайзер және Д.Ибраимов Қостанай политехникалық жоғарғы колледжде өткен «Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық потенциалы – Қазақстанның табысты индустриалдық- инновациялық дамуының кепілі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
 

«Патологиялық анатомия», «Патологиялық физиология»
пәндері бойынша студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының конференциясы

2018 жылдың 5 наурызында жалпы кәсіби пәндердің ЦӘК онкүндігін өткізу аясында «Патологиялық анатомия», «Патологиялық физиология» пәндері бойынша студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының конференциясы өтті. 
 

"Творчество и молодежь:
мой сегодняшний день-это завтрашний день планеты" жобалар байқауы

2 наурызда ЧелМУ-да "Творчество и молодежь: мой сегодняшний день-это завтрашний день планеты " облыстық жобалар байқауы өтті
 

«Жас ғалым - 2018»

2018 жылдың 1 наурызында «Фармация» мамандығының 1 курс студенті Кайзер Арина ҚИнЭУ колледжінде өткен «Жас ғалым - 2018» Х облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
 

«Зертханалық зерттеулер болашақ мамандарда ғылыми-
зерттеу белсенділігін анықтау факторы ретінде»

Павлодар жоғары медициналық колледжі 2017 жылдың желтоқсан айында «Лабораториялық диагностика» мамандығының 1-2 курс студенттері арасындағы «Зертханалық зерттеулер болашақ мамандарда ғылыми-зерттеу белсенділігін анықтау факторы ретінде» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысын жасады.
 

2016-2017 оқу жылындағы студенттердің ғылыми-зерттеу
жұмысын ұйымдастыру бойынша жылдық есеп

Маманды дайындауды жетілдірудің маңызды факторы – ғылым, білім және тәжірибенің қосылу мәселелерін шешуге жол ашатын студенттердің зерттеу жұмысы, шығармашылық потенциалымен маманды дайындау. Сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуы көбісін ғылыми қызметкер маманына емес, ғылым әдістерін тәжірибелік мақсаттарда қолданыла білетін маманға дайындайды.

Аталған есепте 2016-2017 оқу жылындағы «СҒЗЖ» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар көрсетілді.



 
Студенттердің ғылыми жетістіктерінің көрмесі - 2017


Қостанай медициналық колледжінде алғаш рет 2017 жылдың 3 сәуірінен 14 сәуіріне дейін 1 жылдық және 2 жылдық зерттеу жобалары ұсынылған студенттердің ғылыми жетістіктерінің көрмесі өткізілген болатын.
 

«Здоровое поколение – богатство страны» IV Халықаралық студенттік
және педагогикалық бастамалардың форумы Курган қ., Ресей Федерациясы

2017 жылдың Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері «Здоровое поколение – богатство страны» IV Халықаралық студенттік және педагогикалық бастамалардың Форумына қатысқан болатын. «Стоматология» мамандығының 301 топ студенті Ткачук Анжела ғылыми-зерттеу конкурсының «Медицинский работник – выбор на всю жизнь» секциясының жұмысына қатысты.
 

«Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы»

31 наурызда Қостанай медициналық колледжінде «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті.
 

«Жас ғалым - 2017»

2017 жылдың 3 наурызында Қостанай медициналық колледжінің төрт студенті өз ғылыми жобаларын ұсынған болатын.

Жалпы кәсіби пәндер және арнайы пәндер оқытушылары Рябуха Елена Викторовна және Романюк Инна Евгеньевна «Естественные науки» және «Технология производства» секцияларына әділ-қазылар ретінде шақырылған болатын.

 

 «Межкультурная коммуникация в Казахстане» конкурсы

Конкурстың қорытындысы бойынша Ахметова Салтанат 1 орынға ие болды, Кондрина Надежда және Хазеева Мадина қатысушының сертификаттарымен марапатталды. Колледж директоры Катпенова С.А., қатысушыларды дайындаған оқытушылар Жумабаева К.Е., Коновалова В.В., Дандыбаев А.С., алғыс хаттармен марапатталды.


«Молодежный потенциал «Великой Степи – Мәңгілік ел»
принципы и перспективы развития»

30 қарашада әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушысы Алимгазинова А.М. және «Мейіргер ісі» мен «Емдеу ісі» мамандықтарының бірінші курс студенттері Андамасова Назира, Ибраимов Данияр және Ахметова Салтанат ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Молодежный потенциал «Великой Степи – Мәңгілік ел»: принципы и перспективы развития» тақырыбында өткен Халықаралық жастар ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


«Независимость Казахстана: история, развитие, достижения»
Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция

23 қарашада 202 «Емдеу ісі» тобының студенті Данешова Гульжан «Независимость Казахстана: история, развитие, достижения» Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясына қатысты / жетекшісі Кульмухамбетова Г.Б. /

Гульжанның баяндамасы ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы Қостанай медициналық колледжінің жеткізген жетістіктеріне арналған.


«Щербаков» трассалық пунктеріне бару туралы
 

2016 жылдың 10 қарашасында «Шұғыл жедел көмек көрсетудегі трассалық пунктердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстың аясында 301 «Емдеу ісі» тобының 6 студенті СҒЗЖ жетекшісі С.П.Бузинаның жетекшілігімен «Щербаков» трассалық пунктіне барған болатын.


Ғылыми-зерттеу жұмыстарды жазу бойынша
медициналық колледжінің студенттері үшін семинар

2016 жылдың 13 қазанында 1-3 курстың студенттері үшін ғылыми-зерттеу жобаларды жазу бойынша семинар өткізілді. «Тілдік пәндер», «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер», «Жалпы кәсіптік пәндер», «Лабораториялық және фармацевтикалық пәндер», «Арнайы және клиникалық пәндер» ғылыми секциялар жұмыстарын алда өтетін ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру сұрақтары талқыланды, ғылыми секциялардың төрағалары таңдалды, атап өтсек.


«Дені сау ұрпақ – елдің байлығы» педагогикалық және
студенттік бастамалардың Халықаралық Форумы
 
2016 жылдың 7 сәуірінде Қорған медициналық колледж базасында «Здоровое поколение – богатство страны» педагогикалық және студенттік бастамалардың Халықаралық Форумы өткізілді. Осы Халықаралық Форум үшінші жыл өткізілуде, Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары және студенттері оған екінші рет қатысып отыр. Форум «Қорған базалық медициналық колледжі» МКБОМ 80-жылдығына арналған.


Ғылым күні-2016
 
4 сәуірде Қостанай медициналық колледжінде «Ғылым күні-2016» шеңберінде «Клиницист», «Жалпы кәсіптік, лабораториялық және фармацевтикалық пәндер», «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер» секцияларының отырысы өтті. Іс-шараға 1-3 курстардан барлығы 30 студент қатысты.


«Жас ғалым» - 2016
 
19 ақпанда М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет жанындағы Қостанай техникалық-экономикалық колледж базасында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Жас ғалым» ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.
Қостанай медициналық колледжі «Филология», «Қоғамдық ғылым», «Жаратылыстану ғылымы» секциялары бойынша тоғыз ғылыми зерттеу жұмыстарымен 16 студентті ұсынған болатын.


«Лабораториялық диагностика» мамандығының студенттерінің ғылыми-зерттеу
қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағымедициналық
«колледждердің «Лабораториялық диагностика»мамандығыстуденттері
арасындағы Республикалық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференция
 
2015 жылдың 21 желтоқсанында «Лабораториялық диагностика» мамандығының студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы медициналық колледждердің «Лабораториялық диагностика» мамандығы студенттері арасындағы Республикалық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға барлығы 18 ғылыми-зерттеу жұмысы келіп түсті. «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК студенттері ұсынған екі жұмыс байқауға қатысқан жоқ, бірақ конференция материалдарының жинағында жарияланды.


«Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі»
 

ОмММУ Омбы медициналық колледждің 90-жылдығын тойлау аясында халықаралық қатысумен «Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.


«Жас зерттеуші» Республикалық зерттеу жұмыстарының
дистанциондық байқауының қорытындылары
 
2015 жылдың қарашасында «Жас зерттеуші» Республикалық зерттеу жұмыстарының дистанциондық байқауы өткен болатын.

Байқау білім сапасын арттыру және білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметі арқылы оқыту тиімділігін арттыру, білім алушылардың зерттеу қызметіне мотивациясын дамыту мақсатында өткізілді.


«Сүйемін туған тілді – анам тілін...» Республикалық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Республикалық қосымша білім білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2015 жылдың 18 тамызынан 18 қыркүйегіне дейін Қазақстан халқының тілдер Күніне арналған «Сүйемін туған тілді – анам тілін...» Республикалық дистанционды интернет-байқау өткізген болатын.


2015 қыркүйегіндегі жариялымдар
 
«Медицина және қоғам» республикалық ғылыми-танымал журналында /№3, 2015/Қостанай медициналық колледжі базасында 2015 ж. сәуір айында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияның жеңімпаз-студенттерінің мақалалары жарияланды.







«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ