1 курс студенттері арасындағы КВН
Басты -> Жаңалықтар -> 1 курс студенттері арасындағы КВН
1 курс студенттері арасындағы КВН
2017 жылдың 8 желтоқсанында мәжіліс залында 1 курс студенттері арасында КВН өтті. Аталған іс-шара студенттердің қалауымен ұйымдастырылып, өткізілгенін айта кету керек.
Аталған жобаның мақсаты жастардың бос уақыттарын КВН арқылы ұйымдастыру, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.
Өнер көрсеткен командалар:
топ | атауы |
---|---|
102 леч |
Не пришла |
101 стом + 101 фарм | 5 этаж |
103 сд | Палата 103 |
102 сд | Сборная группы 102 |
101 лаб | 12 бровей |
101 леч | Жастар |
Барлық командалар үш кезеңнен өтті:
- Приветствие (визитка)
- «Биатлон»
- «Театр начинается……»
Көрермендерге барлық командалар ұнап, шапалақтарын аяған жоқ.
Әділ қазылардың құрамында: Стокоз О.С., № 3 бөлім меңгерушісі; Кульмухамбетова Г.Б., колледж оқытушысы; Куприна Валерия және Довгань Даниэл - колледж түлектері, және Султанов Жансерик, 3 курс студенті болды.
Ойынның қорытындысы бойынша ең үздік актер «102 топ құрамасының» ойыншысы Байтурсунов Султан және ең үздік актриса «5 этаж» командасының қатысушысы Бородина Ксения болды. Ал «Үздік команда» атағына ие болған «5 этаж» командасы.