«Моя Родина – Казахстан» викторинасы
Басты -> Жаңалықтар -> «Моя Родина – Казахстан» викторинасы
«Моя Родина – Казахстан» викторинасы
Қостанай медициналық колледжінің қабырғасында 13 желтоқсанда ҚР ІІМ Қостанай академиясы курсанттарымен бірлескен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Моя Родина – Казахстан» викторинасы өтті.
Викторинаға ҚМК студенттері мен ҚР ІІМ ҚА курсанттарының 3 команда құрамасы қатысты.
Викторина келесі жеті кезеңнен тұрды: «Давайте познакомимся», «Байга», «Составьте правильно пословицу», «Соберите картину», «Государственная граница», «Конкурс капитанов», «Своя игра». Барлық кезеңдерде жастар Қазақстанның тарихы мен дәстүрлері жайында жақсы білімдерін көрсетті. Әділ-қазылар командалардың жақсы дайындықтарын және белсенділіктерін атап өтті.
Іс-шара бірлесіп шәй ішумен аяқталды. Көтеріңкі көңіл-күймен колледж студенттері және курсанттар эмоцияларымен бөлісті.