«Как живешь выпускник?» акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Как живешь выпускник?» акциясы
2018 жылдың 25 қарашасында «Как живешь выпускник?» акциясының аясында бөлім меңгерушісі Стокоз Оксана Сергеевна Рудный қаласының медициналық ұйымдары–«Рудный қалалық емхана» КМК-на және Перинаталдық орталығына барып қайтты.
Кәсіби қалыптасуы мен жұмыс орнында бейімделуін анықтау мақсатында түлектермен және жұмыс берушілермен әңгімелесу және сауалнама жүргізілді, сонымен қатар түлектер жайында бас мейірбикелерден пікірлер, тілектер жиналды.
Рудный қалалық емханада 5 түлек жұмыс істейді, үшеуі- мейірбике (Кожаназарова Данизат, Сактаганова Нуржамал, Спанова Нурбиби), біреуі-фельдшер (Адриянова Кристина ) және біреуі клиникалық-диагностикалық зертханасының лаборанты (Тен Ольга). Түлектер оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдылары үшін медициналық колледждің оқытушыларына алғыстарын білдірді. Бас мейірбике Ахметова Кульзада Жумабековна түлектер осы уақытқа дейін жұмыс барысында өздерін білікті, тәртіпті, міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын мамандар ретінде көрсеткенін атап өтті, емхананың электрондық бағдарламаларын жақсы меңгерген.
Перинаталдық орталықта «Акушер» мамандықтарының түлектері Гаан Иренамен және Шертанова Камиламен кездесу өтті. Кездесу достық көңіл-күйде өтті. Қыздарға жұмыс орны, жұмыс кестесі және жағдайлары ұнайды, тәлімгерлері мен әріптестерінің жақсы қарым-қатынастары мен көмектері жайында айтып кетті. Бас акушер Шелеманова Наталья Ивановна, босану бөлімінің аға акушері Ворожеева Лилия Валерьевна және жүктілердің патология бөлімінің аға акушері Четыркина Нина Михайловна алғашқы күннен бастап өздерін білікті, кәсіби және білгір маман ретінде көрсеткендерін айтты.