Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау
Басты -> Жаңалықтар -> Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау
2018 жылдың 26 қарашасында колледжде Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау өткізілді. Бағдарламалық құжат - тарихи сана-сезімді жаңартудың тағы бір бағыты. Ұлт көшбасышының жаңа құжаты қазақстандықтарды ұлы дала мен әлемдік тарихтың рөлі туралы ойландыруға мәжбүрлейді.
Жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушысы Азтаева А.Т., мемлекет басшысының мақаласы Ұлы даланың жеті қырында көрсетілген бабаларымыздың мұрасын терең түсінуге мүмкіндік береді деп есептейді. Мақала Ұлы даланың өркениеттің дамуына қосқан үлесін ашық баяндап, тарихқа терең үңіліп, тарихи мұрамызға кеңінен қарауға мүмкіндік береді.