ҚЖМК бойынша экскурсия
Басты -> Жаңалықтар -> ҚЖМК бойынша экскурсия
2019 жылдың 1 қаңтарында Қостанай жоғары медициналық колледжі Сарыкөл ауданының «Барвинов орта мектебінің» 11 сынып түлектері үшін экскурсия өткізген болатын.
Экскурсия барысында 11 сынып оқушыларына мамандықтар, оқу үрдісі, колледжде өткізілетін мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар туралы айтылды, сонымен қатар оқу аудиторияларына, зертханаларға, практикалық сабақ кабинеттеріне, кітапханаға, колледж мұражайына, симуляциялық орталық пен анатомиялық мұражайларға кіріп шықты. Оқушыларға экскурсия қатты ұнады: олар қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылармен белсенді әңгіме жүргізді, сонымен қатар қалағандар муляждарды (фантомдарды), медициналық құрал-саймандарды және т.б. ұстап көрді. Оқушылардың бірнешеуі біздің колледжге оқуға түсуді жоспарлауда, яғни олар экскурсияға мақсатты түрде және дайындалған сұрақтарымен келген.
Кездесудің соңында оқушыларға талапкерлерге қатысты барлық ақпарат жазылған буклеттер таратылды.