"Төрле Наурыз - салтанатты салтымыз"
Басты -> Жаңалықтар -> "Төрле Наурыз - салтанатты салтымыз"
2019 жылдың 15 наурызында Н.Островский атындағы ОҚК Наурыз мейрамына арналған "Төрле Наурыз - салтанатты салтымыз" мерекелік бағдарламасын өткізді. Мерелік бағдарламада Наурыз мейрамы туралы ақпараттан басқа командалар мен аудиторияға арналған викторина түріндегі қызықты ұлттық ойындар болды. Дұрыс жауаптар үшін сыйлықтар берілді. Іс-шараға қаланың оқу орындарының студенттерінен тұратын «Толқын» студиясының қатысушылары болды, сонымен қатар ҚЖМК студенттері де қатысты. Іс-шара әндермен, ұлттық билермен жалғасты, жастар осы мерекеге арналған өздерінің авторлық өлеңдерін оқыды. Ойынның соңында қатысушыларға наурыз-көже ұлттық тағамын, сонымен қатар кез-келген мерекеде қойылатын бауырсақ ұсынды. Іс-шараға 101 м/і тобы қатысты.