«Денсаулық формуласы» викторинасы
Басты -> Жаңалықтар -> «Денсаулық формуласы» викторинасы
2019 жылдың 15 наурызында жалпы кәсіптік пәндердің ЦӘК онкүндігі аясында оқытушы Г.Ш.Мурзакулова 102 «Мейіргер ісі» тобында «Денсаулық формуласы» викторинасын өткізді. Іс-шара студенттерді дұрыс тамақтанумен таныстыру мақсатында, қозғалыс белсенділігінің қажеттілігі, темекі шегудің, ішімдік ішудің денсаулыққа тигізетін кері әсерлері жайында жеткізу мақсатында өткізілді.
Іс-шараның соңында студенттер денсаулық формуласын шығарды:
* Денсаулықтың 50% өмір сүру дағдысына байланысты,
* 20% тұқымқуалаушылыққа байланысты,
* 20% экологиялық жағдайға байланысты,
* 10% денсаулық сақтауға байланысты.
Іс-шарада ақпараттық-білім беру материалдарын үлестірумен оқытудың педагогикалық технологиялары қолданылды.