Дүниежүзілік донор күні!
Басты -> Жаңалықтар -> Дүниежүзілік донор күні!
Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері Дүниежүзілік донор күніне арналған мерекеге қатысты. Іс-шара 12 маусымда қалалық орталық саябақта өтті.
Донор латын тілінен аударғанда «donare» — «сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донордың сыйлаған қаны реципиент үшін өмірмен тең, дәл осы жайында мерекенің жүргізушілері айтты.
Барлық қатысушыларды және көрермендерді белсенді донор болуға және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, колледж студенттері көңілді флеш-моб өткізді!