«Болашаққа көзқарас» дөңгелек үстелі
Басты -> Жаңалықтар -> «Болашаққа көзқарас» дөңгелек үстелі
№4 ЦӘК онкүндігінің аясында «Фармация» мамандығының 2-3 курс студенттері және «Витайм» ЖШС, «Фармаком Импэкс» ЖШС және ТОО «Забота Company LTD» ЖШС фармацевтикалық ұйымдардың әлеуметтік серіктестері қатысқан «Болашаққа көзқарас» дөңгелек үстелі өткізілді. Студенттермен кездесуге фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері және соңғы бес жылдағы колледж түлектері келді.
Іс-шара барысында студенттер дәріханалық ұйымдардың жаңа жұмыс бағытымен және фармацевттің жұмысымен танысты. Қонақтар өздерінің фармацевтикалық ұйымдары туралы қысқаша ақпарат ұсынды.
Студенттер мен оқытушылар дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысып отырды. Колледж оқытушылары фирма өкілдеріне колледж қабырғасында студенттермен коммуникативтік тренинг өткізуді ұсынды.
Кездесу көңілді, достық атмосферасында өтті.