«Шығармашылық. Жаңашылдық. шеберлік - 2023»

«Шығармашылық. Жаңашылдық. шеберлік - 2023» әдістемелік көрме-байқауының қорытындысы


Дәстүр бойынша екі жылда бір рет Қостанай жоғары медициналық колледжінде оқу жылының соңында әдістемелік көрме-конкурс өткізіледі, оған оқытушылар әртүрлі номинациялар бойынша өз әзірлемелерін ұсынады. Ағымдағы оқу жылында көрме-конкурс 2023 жылдың 18 мамыры мен 2 маусым аралығында өткізілді. Барлық конкурстық материалдарды ғылыми-әдістемелік комиссия (төрайымы Б.Н.Джусупова) қарады, содан кейін оқытушылар анықталған ескертулерді түзету бойынша түзету жұмыстарын жүргізді және 18 мамырдан бастап көрме-конкурсқа материалдарды қабылдауды бастады.  Барлығы 34 конкурстық материалдар ұсынылды. Көрме жұмысының бағыттары: «Тест жинақтары», «Тапсырмалар жинақтары»,  «Алгоритмдер мен стандарттар жинағы», «Оқу құралы», «Жұмыс дәптері», «Презентациялар және бейнематериалдар жинағы», «Әдістемелік ұсынымдар», «Дәрістер жинағы».



Әділ қазылар мүшелері, төрайымы Гаджиева К.С., ҒӘБ жетекшісі, төрайымның орынб., Мухамеджанова М.А., сарапшы кеңесінің төрайымы; оқытушылар Азтаева А.Т., Бузина С.П., Ванзидлер Т.В., Дандыбаев А.С., Джусупова Б.Н., Жетписбаева Н.Б., Заскалько Е.Е., Исенова Д.Ж., Исмаилова Л.Е., Итесова Л.М., Каратаева М.М., Кудина Л.А., Кульмухамбетова Г.Б., Кускулакова Б.Ш., Лапатиева К.Ю., Мұстафа А.М. , Надворная Ю.Ю., Петинова Т.М., Романюк И.Е., Русинова Е.А., Рышманов А.Б., Сулейменова Б.К., Сулейменова С.Б., Тихонова Т.А., Шестакова Е.Ю. келесі номинациялар бойынша «Шығармашылық. Жаңашылдық. Шеберлік - 2023» әдістемелік көрме-байқауына үздік жұмыстарды әзірлегені үшін грамоталармен марапаттау шешімі қабылданды  :
 «Тест жинағы» номинациясы  - «Мейіргер ісіндегі менеджмент», «МІ қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығының студенттеріне арналған, авт. Бузина С.П.
 «Оқу құралы» номинациясы - «Паллиативтік көмек көрсетудегі және онкологиядағы биомеханика және эргономика», «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтарының студенттеріне арналған, авт. Бузина С.П.; «Терапиялық стоматология» пәні бойынша медициналық колледж студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, авт. Евдомащенко Т.В., Нуркина Б.Г.; «Фармацевтикалық қызметіндегі кәсіби қазақ тілі» Жумабаева К.Е., Мухамеджанова М.А.; Оқу құралы «Жалпы рецептура. Дәрілік нысандарды жазу алгоритмдері» медициналық колледж студенттеріне арналған, Шестакова Е.Ю.
 «Дәрістер жинағы» номинациясы- «Фармакогнозия. Арнайы бөлім» пәні бойынша дәрістердің қысқаша курсы,  «Фармация» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған, авт. Осипова Д.Е.
  «Жұмыс дәптері» номинациясы - "Анатомия, физиология, патология" пәні бойынша жұмыс дәптері (МІ қолданбалы бакалавры) Романюк И.Е.
  «Тапсырмалар жинағы»,  «Алгоритмдер мен стандарттар жинағы», «Презентациялар мен бейнематериалдар жинағы», «Әдістемелік ұсынымдар» номинациялары бойынша қатысушылар 40 б. жинаған жоқ, сондықтан аталған номинациялар бойынша үздік жұмыстарды марапаттамау шешімі қабылданды. 
 Ғылыми-әдістемелік бөлім барлық қатысушыларға көрсеткен белсенділігі үшін алғыс білдіреді және одан әрі шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейді!







«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ